Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз ғажап": "Атырау-Алматы" бағытындағы пойызда жауынгер есінен танған жолаушыны құтқарып қалды

Опубликовано:

Жауынгер пойызда ауырып қалған науқасты құтқарды
Абылайхан Убайдуллаев: Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі

"Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызында оқыс жағдай болды. Вагондардың бірінде жолаушы әйелдің жағдайы күрт нашарлап, оны қатардағы жауынгер Абылайхан Убайдуллаев құтқарып қалған, деп хабарлайды ustinka.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түн ортасында жағдайы күрт нашарлаған әйелге көмектесу үшін жолсерік дәрігер іздей бастайды. Бұл бағыттағы пойызға Атыраудан Зайсанға бет алған әскерилер де мінген болатын.

Олардың арасынан жауынгер Абылайхан Убайдуллаев көмек көрсетуге бірден сұранады. Абылайхан әскерге шақырылғанға дейін жедел жәрдемде фельдшер болып жұмыс істеген.

Жолаушылардың айтуынша, әйел адам ес-түссіз жатқан. Ол бұған дейін жүрегі ауыратынын айтып, қан қысымын түсіру үшін дәрі ішкен екен. Кейін аяқ астынан есінен танып қалады.

Жолсеріктер жақын арадағы станция диспетчерімен хабарласқанға дейін Абылайхан шұғыл медициналық көмек көрсетіп, пойыз тоқтағанға дейін әйел адам есін жинайды. Ол кезекті станциядан түсіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді.

"Дәл осындай сәтте медициналық білімі бар адамның пойыздан табылғаны жақсы болды. Бұл нағыз ғажап нәрсе! Абылайхан дер кезінде көмектесіп, науқасты аман алып қалды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, өзін жақсы сезінуде", - деді Махат ауылдық ауруханасының дәрігері Рүстем Жалғасбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін қызылордалық Сәбит Шонтақбаев 8-қабатта ілініп тұрған үш жасар сәбиді құтқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970796-nagyz-gazap-atyrau-almaty-bagytyndagy-poiyzda-zauynger-esinen-tangan-zolausyny-qutqaryp-qaldy/

pixel