Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы мектептен "жарылғыш" зат табылды: Істің мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Оқиға орны
Видеодан кадр: Куәгер

Кеше Көкшетаудағы мектептердің бірінен сымы бар құты табылды. Қауіпсіздік мақсатында оның көзі оқиға орнында жойылды. Көп ұзамай істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегіне сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі әзірлегені белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, оның бұл әрекетіне аталған білім беру мекемесінде оқығысы келмегені себеп болған.

"Аталған факті бойынша әрі қарай да тексеріс жүргізіледі. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған қызды профилактикалық есепке қою мәселесін қарастырып жатыр",- деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау полиция басқармасына №2 орта мектеп-лицейінің ғимаратында күмән тудыратын зат табылғаны туралы ақпарат түскен еді. Ғимараттан 20 мұғалім, 10 техникалық қызметкер эвакуацияланды.

Техника мамандары қауіпсіз қашықтықта тиісті ережелерді сақтай отырып, жарылғышқа ұқсас заттың көзін жойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970955-koksetauda-mektepterdin-birinen-sym-zalgangan-quty-tabyldy-istin-man-zaiy-belgili-boldy/

pixel