Бүгін Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күні: Оның ерліктері жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
Бүгін, 25 мамыр Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының туған күні.
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов ортамызда болса 98 жасқа толар еді.
Ол 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысының Ақкөл ауданында өмірге келген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы əскери училищеде оқып шығып, 1943 жылдың сəуір айында лейтенант шенінде Ұлы Отан соғысына аттанған.
Майдан шебінде екі жыл бойы пулемет взводының, кейін пулемет ротасының командирі ретінде, сондай-ақ 5-екпінді армияның ІІ дəрежелі Суворов орденді 301-Донецк атқыштар дивизиясының 1052-атқыштар полкі құрамында батальон командирі лауазымында жауға қарсы соғысады.
1945 жылы 27 ақпанда "Польша аумағында жаудың күшті бекіністі қорғанысын бұзып өту кезінде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін, сонымен қатар ерлігі мен батырлығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылы Сағадат Нұрмағамбетовтың қарамағындағы батальон жауға ойсырата соққы беріп, Берлинге басып кіреді.
Қызыл Армия жауынгерлері кескілескен айқастың нәтижесінде неміс фашизімін тізе бүктіріп, жеңіске жетеді.
Дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған ұлт мақтанышы – Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы мәңгілікке ел есінде.
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының жеке қоры Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде мемлекеттік сақтауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971019-bugin-kenes-odagynyn-batyry-sagadat-nurmagambetovtin-tugan-kuni-onyn-erlikteri-zaily-ne-bilemiz/