Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі үйлердің бірінде лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол Шиелі станциясында пойыз вагондарының бірінде қолға түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде оқиғадан соң бірнеше сағаттан кейін күдіктінің тұлғасы анықталғанын хабарлады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан.

Оны жедел топ Шиелі станциясындағы пойыз вагондарының бірінен ұстаған. Ер адам қылмыстық қудалаудан жасырынуға тырысқан. Түнде ол Қаратау адандық полиция басқарамасына жеткізілді.

"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда",- деді Шымкент қалалық полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінің лифтінде ер адам баласы бар әйелге шабуыл жасаған болатын. Тәртіп сақшылары аталған фактіні "зорлауға оқталу" бабы бойынша тіркеп, күдіктіні іздей бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971094-symkentte-liftide-balasy-bar-aielge-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel