jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Соңғы қоңырауға" келе алмаған сыныптасының үйіне барған оқушылар жұрттың ықыласына бөленді

жас жігіт
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде "Соңғы қоңырау" кезінде түсірілген тағы бір видео көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz паблигінде жарияланды.

Видеодан жас түлектердің өзге бозбалаға Саят Әбеновтің сөзіне жазылған, Бекзат Құнанбайдың "Бауыр керек" әнін хормен орындап тұрғанын байқауға болады.

Автордың жазуынша, жас түлектер "Соңғы қоңырауға" ауырып келе алмаған сыныптасының жағдайын білуге келген.

Ал видеоны көрген желі қолданушылары: "Жылағым келіп кетті", "Жарайсыңдар", "Көзіме жас келді", "Бауыр деген сендердей-ақ болсын", "Ұйымшыл сынып екен", "Сыйластықтарыңа сызат түспесін", "Нағыз дос деп осыларды айтсақ болады", "Керемет", "Айтарға сөз жоқ", "Бәріңе ақ жол", "Өмірде жолдарың болсын", - деп жарыса пікір жазуда.

"Соңғы қоңырауға" келе алмаған сыныптасының үйіне барған оқушылар жұрттың ықыласына бөленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.