Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жүріп бара жатқан көлік терезесінен денесін шығарған жас түлектер анықталды

Опубликовано:

Түркістан облысы
Жүріп бара жатқан көлік терезесінен денесін шығарған жас түлектер. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жүріп бара жатқан көлік терезесінен денесін шығарған жас түлектерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері "Соңғы қоңырауға" байланысты тәулік бойы өңірдегі тәртіпті қадағалаған.

Соның ішінде жас түлектердің көлік кортежін ұйымдастыруына жол бермеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарған.

Нәтижесінде, бірқатар заңбұзушылықтар тіркелген.

Мәселен, Төлеби ауданының тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жүріп бара жатқан BMW көлігінен денесін шығарған жасөспірімдерді байқаған.

Олар бірден іздестіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп түлектерінің жеке басын анықтаған.

Полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдермен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ал көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша хаттама толтырған.

Айта кетейік, бұған дейін осы өңірдің Жетісай ауданында құжатсыз көлік айдаған үш жас түлек анықталған болатын.

Одан бөлек Таразда жас түлек көлігімен бірге каналға түсіп кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971219-turkistan-oblysynda-zurip-bara-zatqan-kolik-terezesinen-denesin-sygargan-mektep-tulekteri-anyqtaldy/

pixel