Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ауылдастарымен жанжалдасқан әкім қатаң сөгіс алды

Опубликовано:

костюм киген ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы Баянауыл ауданында ауылдастарымен жанжалдасқан әкім қатаң сөгіс алды. Ақсан ауылдық округі әкіміне қатысты тәртіптік іс әдеп жөніндегі кеңесте қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақсан ауылдық округінің әкімі Кенжебек Дүйсенбаевтың тұрғындармен дауласып жатқан сәті бейнеленген видео тараған болатын.

Кейін бұл видеоға қатысты аталмыш ауылдық округ қарайтын Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов пікір білдіріп, дауға қараусыз жүрген мал себеп болғанын айтқан еді.

Сонымен қатар аудан басшысы ауыл әкімінің әрекетіне баға берілетінін атап өткен еді.

Осыдан кейін бұл мәселе Баянауыл ауданының әкімдігінде, облыстық әдеп кеңесінде қаралған.

Кеңес мүшелері бірауыздан Серік Батырғожиновке қарамағындағы адамға тәртіптік жаза – қатаң сөгіс беруді ұсынған.

Өз кезегінде Кенжебек Дүйсенбаев қателігін толық мойындайтынын айтып, кешірім сұраған.

Оның айтуынша, қараусыз жүрген малды жаю мәселесі шешілген.

"Біз аудан әкімінің, прокурордың, полицияның қатысуымен жергілікті халықпен жиын өткіздік. Адамдардың ескертулері жоқ. Мен де олардан кешірім сұрадым", - дейді ауыл әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971267-pavlodar-oblysynda-auyldastarymen-zanzaldasqan-akim-qatan-sogis-aldy/

pixel