Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Нұр-Сұлтанда баннердің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Күні кеше Нұр-Сұлтанда келіншек пен кәмелетке толмаған баланың үстіне баннер құлап, екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Полиция аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан 12 жастағы қыз бен 34 жастағы келіншек зардап шеккен.

"26 мамырда Алматы аудандық полиция басқармасына Бейбітшілік және келісім сарайының бас кіреберісінің алдында қатты желден баннер оң жаққа қарай қисайып, құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі де жағдайға түсініктеме берді.

"Конструкция талаптарға сәйкес арнайы арматурамен және анкерлермен бекітілді. Дегенмен мердігер ұйымға қатысты өз міндеттемелерін жосықсыз орындау туралы ұйғарым дайындалуда", – деп хабарлады аудан әкімдігінің өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада қатты желдің салдарынан баннер құлап, әйел мен жасөспірім жарақат алған болатын. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971402-policiya-nur-sultanda-bannerdin-qulauyna-bailanysty-qylmystyq-is-qozgady/

pixel