Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабаралды.

Ведомствоның мәліметінше, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Шенеунік жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алды деген күдікке ілінген.

"Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Осы ретте, ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаментін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971405-turkistan-oblysynda-audan-akiminin-orynbasary-ustaldy/

pixel