Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев: Алматы спорт колледжі жабылмайды

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ресми Facebook парақшасында Алматыдағы республикалық спорт колледжі жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

"Колледжде оқып жатқан балалар, олардың ата-аналары және жаттықтырушылары оқу орны жабылып қалады деп алаңдаулы екенін жақсы білемін.

Сол себепті өткен жұма күні Алматыдағы республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткіздік. Жиынға спорттық білім беру ұйымдарының директорлары шақырылды. Ашық әрі сындарлы әңгіме нәтижесінде біз бірлесе шешімге келдік.

Сонымен, колледж орнына ашылуы тиіс Жаттықтыру орталығы енді сол білім ордасының жанында ашылады.

Орталық жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, спорттық мекемелердің қадамына оң серпін беруі керек. Мұнда талантты спортшыларымыз өзінің спорттық мансабын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады. Мекеме кешенді ғылыми топтың қатысуымен озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрылады", - деді ол.

Сондай-ақ министр 2022-2023 оқу жылында бірінші курс студенттерін қабылдау кезінде іріктеу жұмыстарын мұқият жүргізуді тапсырғанын мәлімдеді.

"2011 жылы колледж жанынан ашылған тәжірибелік кластарға келетін болсақ, бұл сыныптарда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық базасы стандартқа сай оқу орнында спортпен шұғылдануы тиіс",- деді ол.

Министрдің сөзінше, аталған сыныптар "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ мен Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданындағы "Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ-не ауыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971703-abaev-almaty-sport-kolledzi-zabylmaidy/