jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Ақжарқын Тұрлыбай
Адвокат Cұңқар Нұрмағамбетов және Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Еліміздің Бас прокуратурасы Қытай елінің сол жақтағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартқаны жөніндегі ақпаратты растады, деп жазады ҚазАқпарат.

"2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдан өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен болатын. Сол күні-ақ Қытай тарабына тиісті сауал жолданды.

ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін ескеріп, осында шешім қабылданғаны айтылған", - дейді Бас прокуратура өкілі.

Дегенмен, ол әлі де болса үміт үзуге болмайтынын атап өтті.

"Қазақстан тарабы Тұрлыбайдың елге қайтарылуынан үміт үзбейді. Қытай соты оның жаза мерзімін қысқартып, нақты жылдарды атап белгілесе, елге қайтару мүмкін болады", - дейді Бас прокуратура өкілі.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Биылғы мамыр айында адвокат Сұңқар Нұрмағабметов Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.