Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адвокат қазақстандық тарап Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуын күтіп отырғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай
Адвокат Cұңқар Нұрмағамбетов және Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Қазақстандық тарап Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайдан елге қайтарылуын күтіп отыр. Бұл туралы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Ақжарқын Тұрлыбай ұсталған еді. Дәл сол жылы Хошимин қаласында Ростов тұрғыны Мария Дапирка тұтқындалды. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы оларды нигериялық есірткі тасымалдаушы топтың құрбаны деп таныды.

Екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айтатын болсақ, оның Қазақстанға қайтарылуын күтіп отырмыз", - дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Адвокат Мария Дапирканы отанына қайтаруға пандемия, коммуникацияның бұзылуы және әлемдегі Ресеймен байланысты жағдайлар кедергі болып отырғанын да атап өтті.

"Қыздардың отанына оралуына расымен де мүмкіндік бар", - дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ ол Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын қайта қараудың, оны Қазақстанға қайтарудың нақты мерзімі белгісіз екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969452-advokat-qazaqstandyq-tarap-aqzarqyn-turlybaidyn-elge-qaitaryluyn-kutip-otyrganyn-malimdedi/

pixel