Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменовамен тағы бір шенеуніктің ісі сотқа түсті

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: Ақжайық

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түскен. Бұл туралы Ақжайық басылымы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Хаменова мен Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотына келіп түскен.

Оларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы ("Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы") бойынша айып тағылған.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Ведомство шенеуніктер Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін айтты.

Бастапқыда Бақытгүл Хаменова үйқамақта болды. Алайда кейін Атырау облысының прокуратурасы өтініш беріп, шенеунік қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971803-baqytgul-xamenovamen-tagy-bir-seneuniktin-isi-sotqa-tusti/

pixel