Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты: БАҚ-та тараған ақпаратқа оның адвокаты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай
Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Бүгін БАҚ беттерінде Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауға рұқсат беруден бас тартқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Ақжарқынның адвокаты пікір білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та еліміздің Бас прокуратурасы Қытай тарабының сол жатқа жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартқаны жөніндегі мәліметті растағаны туралы ақпарат тараған еді.

"2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдан өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен болатын. Сол күні-ақ Қытай тарабына тиісті сауал жолданды. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін ескеріп, осында шешім қабылданғаны айтылған", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

БАҚ-та жарияланған бұл ақпаратқа қатысты Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов пікір білдірді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат 2021 жылға дейін берілген және қазір өзектілігін жоғалтқан.

Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанның юрисдикциясына берудің алгоритмі хабарланған болатын:

1. жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыру үшін қайта қарау шешімі (мерзімі есептелген). Бұл ауыстыруға тікелей ықпал етеді;

2. Еліміздің Бас прокуратурасы ауыстыру туралы өтінішті жолдауы тиіс. Менің бастамаммен өтініш 2016 жылдың сәуір айында берілді;

3. ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Қытай тарабымен ауыстыруды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылы.

Жазаны қайта қарау осы жылдың өзінде болуы мүмкін", - дейді адвокат.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971805-qytai-aqzarqyn-turlybaidy-qazaqstanga-ekstradiciyalaudan-bas-tartty-baq-ta-taragan-aqparatqa-onyn-advokaty-pikir-bildirdi/

pixel