Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бетон плиталардың арасына қысылып қалған алты жасар бала құтқарылды

Опубликовано:

жас бала
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-ның Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында алты жасар бала көшеде ойнап жүріп, бетон плиталардың арасынан өтем деп, қысылып қалған. Жасөспірімге көмек көрсету үшін оқиға орнына жедел түрде 18-ӨСБ қызметкерлері мен тұрғындар келді, деп хабарлайды жергілікті төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында.

ТЖД-ның дерегінше, олар баланы шығарып алу үшін алдымен жүк тиегіш және кранның көмегімен плиталарды бөлшектемекші болған.

Бірақ бала жылауын тоқтатпаған соң және уақыт тапшылығына байланысты бұл әрекеттері жүзеге аспаған.

Осыдан кейін 18-ӨСБ жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "МҮ жоба" шебері Азамат Дүзеев мұқият дайындалып, қысылған баланы бірге шығарып алған. Ал жедел жәрдем дәрігерлері оны тексеріп, жарақат алмағанын айтқан.

Осы ретте ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға қырағылық танытып, үнемі балалардың жанында болу керектігін еске салады. Мамандар оқыс оқиғалар балалар жалғыз қалған кезде және қауіпті жерлерде ойнаған уақытта туындайтынын айта кетті.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 9 жасар бала ашық жатқан элеватор резервуарына құлап кеткен болатын.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972129-sqo-da-beton-plitalardyn-arasyna-qysylyp-qalgan-alty-zasar-bala-qutqaryldy/

pixel