Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаштағы гарнизонда офицер жараланды: Аталған жайт бойынша тың деректер белгілі болды

Опубликовано:

Әскер
Көрнекі фото: pixabay.com

Бірнеше күн бұрын Балқаш гарнизонында жарақат алған офицердің қазіргі жағдайы белгілі болды. 53898 әскери бөлімінің оқ тиіп, жараланған әскери қызметкеріне ота жасалған, жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Белгілі болғандай, офицерге оқ жаудырды деген күдікке оның әріптесі іліккен. Ол 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ведомство тергеу мүддесіне сәйкес бұдан өзге ақпаратты жария еткен жоқ.

Айта кетейік, офицердің ауыр жарақат алғаны туралы бірнеше күн бұрын хабарлағанбыз. Министрлік бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, оқиғаға қару қолдануда қауіпсіздік шарасын бұзу себеп болғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972198-balqastagy-garnizonda-oficer-zaralandy-atalgan-zait-boiynsa-tyn-derekter-belgili-boldy/

pixel