Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаш гарнизонында офицер ауыр жарақат алды

Опубликовано:

Әкерилер
Көрнекі фото: pixabay.com

Балқаш гарнизонында офицер ауыр жарақат алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі ресми Telegram парақшасында.

"2022 жылғы 30 мамырда Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған офицер жарақат алды.

Зардап шегушіге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілген.

Ведомство өзге ақпарат ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971706-balqas-garnizonynda-oficer-auyr-zaraqat-aldy/

pixel