Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Рүстем Тұңғышбаев
Рүстем Тұңғышбаев. Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы ведомство ресми Instagram парақшасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Тұңғышбаев Рүстем Кәрібайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Рүстем Тұңғышбаев бұған дейін ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.

Ол Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972206-pavlodar-oblystyq-policiya-departamenti-bastygynyn-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel