jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Үй салуға арналған жері қоқыстың астында қалған ақтөбеліктер жанайқайын айтты

Қоқыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе іргесіндегі жаңа ауданнан жер алған тұрғындар жанайқайын жеткізді. Олардың сөзінше, қазық қағылған жердің бәрі қоқыстың астында қалған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Бұл жердің қоқысы 1 жыл, 2 жыл емес, 5-6 жылдың көлемінде төгілген, жылда төгіліп келе жатқан нәрсе. Біздің талабымыз – жерді тазалап берсе. Себебі мына қоқыс арасына үй салу мүмкін емес", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Базарбай Бекжігітов.

Телеарнаның мәліметінше, тұрғындар иен далаға қоқысты кім әкеліп тастап жатқанын білмейді. Алайда бірнеше рет құрылыс қалдықтарын төккен "КамАЗды" көрген.

Рауан-2 ауданындағы мыңнан астам жер учаскесі осыдан 4-5 жыл бұрын берілген. Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкерлері ол кезде қоқыс болған жоқ деп отыр. Далаға жайылған қоқысты жинау үшін тендер өткен айда ғана жарияланған екен.

"Келесі аптада егер арыз-шағым болмаса, жеңімпаз мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалып, жұмыстар басталуы керек", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ Дарин.

Әкімдік өкілінің айтуынша, бұл ауданда осындай бейберекет жиналған 20-дан астам қоқыс үйіндісі бар. Оның бәрін жою үшін бюджеттен 95 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.

Материал авторы: Г. Сейтенова

Үй салуға арналған жері қоқыстың астында қалған ақтөбеліктер жанайқайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.