Іздеу жарияланған кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды
Жарияланған күні:
Мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram арнасында хабарлады.
"Мемлекетаралық іздеу жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Жексенғалиев 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы тағайындалғанын мәлімдегенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972522-izdeu-zariyalangan-kasipker-anuarbek-zeksengaliev-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.