Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш бала суға батып кетті

Опубликовано:

өзен11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, Ақши ауылынан бір шақырым қашықта жатқан Ырғыз өзеніне үш баланың батып кеткені туралы хабарлама кеше, 4 маусым күні 19.00-де түскен.

Суға кеткен балаларды ауыл тұрғыны алып шыққан.

"Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылы туған балалар өзен жағасына ересектердің қарауынсыз барған. Біз ата-аналардан баланы су жағасына жібермеуді және қараусыз қалдырмауды сұраймыз", - дейді ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, суға кеткен 4 және 5 қыздар апалы-сіңілі, бір үйдің балалары. Үшінші бала 4 жасар көрші үйдің қызы. Балалар көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Аналары ауыл мектебінде жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кеткен еді.

Қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Алмалы ауылында 28 мамыр күні болды.

Марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972572-aqtobede-us-bala-suga-batyp-ketti/

pixel