Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өшіп қалатын сия": Желіде дауыс беруге қатысты фейк ақпарат көпшіліктің талқысына түсті

Опубликовано:

Фейк
Фото: Stopfake.kz

Желіде бүгін, 5 маусымда "республикалық референдумда түсірілді" деген атаумен ролик пайда болды. Кадрда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай "өшіп қалатын" сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Ал Stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі.

Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған.

Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда, Қазақстанда тараған.

"Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы референдум 1995 жылы 29 сәуірде өткізілді.

Қазақстан президентінің өкілеттілігін ұзарту бойынша республикалық референдум жарияланған күннен бастап күшіне енетін президент жарлығы негізінде өткізілген.

Референдумның күн тәртібіне "Сіз 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда сайланған Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?" деген жалғыз сұрақ қойылды.

Оның нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзарды. Дауыс берушілердің 95,46 пайызы қолдаған. Бұл референдумға қазақстандықтардың 91,21 пайызы қатысқан.

Келесі референдум да сол жылы, 1995 жылдың 30 тамызында болып өтті. Онда: "1995 жылы 1 тамызда баспасөзде жобасы жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылды. Жаңа Конституцияны дауыс берушілердің 90 пайызы қолдаған. Сол жылдан бастап елімізде 30 тамыз Конституция күні болып белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972610-osip-qalatyn-siya-zelide-dauys-beruge-qatysty-feik-aqparat-kopsiliktin-talqysyna-tusti/

pixel