Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау қайта жалғасады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Украинада қалған қазақстандықтар репатриациялық рейстермен елге жеткізіледі. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің жаңа қаулысында айтылған. Құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды.

Үкімет қаулысына сәйкес, "Эйр Астана" акционерлік қоғамы репатриациялық рейстерді орындау бойынша қызмет көрсетуші болып бекітілген.

Украианда қалған қазақстандықтар Польшаның Катовице қаласы арқылы эвакуацияланатын болады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға ұшып келгенін хабарлаған едік.

Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби болған.

Ал соңғы, жетінші репатрациялық рейс 28 наурызда Алматыға ұшып келген болатын. Ұшаққа 53 жолаушы мінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972828-ukrainadagy-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalau-qaita-zalgasady/

pixel