Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған армия ғана кінәлі емес": Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс отырысынан соң журналистерге Қазақстандағы сарбаздардың қазасына қатысты пікір білдіріп, жағдайды түзету үшін ведомствоның атқарып жатқан шараларына тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Руслан Жақсылықов ең алдымен ұлдарынан айырылған барша ата-анаға көңіл айтты.

"Біріншіден, жастардың өз-өзіне қол жұмсауының себебін түсінуіміз керек. Өйткені, кінәлі тек армия емес. Ол өз әскери борышын өтеуге келгені анық, осы ретте командир әскери қызметшілердің өміріне жауапты, бірақ әр сарбаз ересек адам, азаматтық қоғам өкілі, бізге ол өз проблемаларымен келеді.

Әскердің міндеті – оған ересек адам ретінде қарап, әскери қызметке бейімдеу", - дейді министр.

Министр бұл мәселемен ведомство айналысып жатқанын айтты.

"Бүгінгі таңда біз қазіргі жастардың мәселесін білетін жетекші психологтарды, әлеуметтанушыларды, блогерлерді, журналистерді шақырып отырмыз, осылайша біз мәселені зерттей келе, командирлерге тиісті ұсыныс жасай аламыз. Әрине, командалық құрамның кінәсі бар, біз мұны жоққа шығармаймыз, одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл - проблема. Адамдармен жұмыс істейтін адам бұл өмірде ештеңеден сақтандырылмаған және сіз мұны өте жақсы түсінесіз.

Оның себептерін қарастырайық. Өйткені бұл күрделі мәселе. Тағы да айтайын, бізге дүниетанымы қалыптасқан жастар келеді", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақтауда әскери борышын өтеуге кеткен сарбаз шақыртудан кейін бір аптадан соң қисынсыз әрекет жасай бастағаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ 23 сәуірде Жамбыл облысының Гвардейский ауылында әскерге шақырылған сарбаздың қаза тапқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973162-bugan-armiya-gana-kinali-emes-qorganys-ministri-sarbazdardyn-olimine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel