Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі сарбаздардың үйден ақша сұратуына қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

әскер
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында әскердегі сарбаздардың тұрмыс жағдайына тоқталды. Бұл мәселе Қазақстан армиясында жас сарбаздардың өлімі көбейгеннен кейін қозғалып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден сарбаздардың неліктен казарма еденін тазалайтынын сұрады.

"Бізде солдаттардың артынан еден жуып беретін азаматтық персонал бар ма? (болуы қажет пе - ред.). Ол - әр әскери қызметшінің міндеті. Өйткені бізде роталық шаруашылықты жүргізу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау деген түсінік бар.

Сіз күнде бетіңізді жуасыз, күнде үйіңізді жинайсыз, шаңын сүртесіз. Сіз өзіңізді үйіңізде құл сияқты сезінесіз бе?", - деп сұраққа сұрақпен жауап берді Руслан Жақсылықов.

Сонымен қатар министр бүгінгі таңда барлық әскери қызметшілердің, мерзімді әскери қызметшілермен қатар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлердің кәсіби біліктілігі мен сапалық деңгейін арттыру үшін жауынгерлік даярлық бағдарламасы толығымен қайта қаралғанын еске салды.

"Қазір біз эксперимент жүргізіп жатырмыз. 1 маусымда басталған жазғы оқу-жаттығу кезеңінде мен жауынгерлік дайындық бағдарламасын күшейту міндетін қойдым. Әскердегі мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздардың үй шаруасына, еден жууға және т.б. жұмыстарға уақыты жоқ.

Айтпақшы, әскерде солдаттар картоп аршымайды, ыдыс-аяқ жумайды. Осы мақсатта тендер арқылы ұтып алып, әскери қызметкерлерімізді қамтамасыз ететін компаниялар бар", - деп түсіндірді ол.

Осы ретте журналистер министрден сарбаздардың неліктен туыстарынан ақша жіберуді сұрайтынын түсіндіруді өтінді.

"Сарбаздар физикалық тұрғыда өсу үстінде. 18-19 жаста көп калория қажет, тіпті тәтті жегісі келеді. Біздің аумақта дүкендер бар. Ол жерден жауынгердің бірдеңе сатып алуға құқығы бар", - деп түсіндірді қорғаныс министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі еліміздегі сарбаздар қазасына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973184-18-19-zasta-kop-kaloriya-qazet-tipti-tatti-zegisi-keledi-qorganys-ministri-sarbazdardyn-uiden-aqsa-suratuyna-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/

pixel