Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электронды темекі сатуға және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

электронды темекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Депутат Аманжан Жамалов мәжіліс отырысында Қазақстан аумағында вейп яғни электронды темекіні сатуға ғана емес, пайдалануға да тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Шешім қабылданды. Денсаулық сақтау туралы кодекске біз Қазақстанда вейптерді, яғни сұйықтық, газ және тағы басқасы қоспасы бар электрондық құрылғыларды сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгіземіз.

Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", - деді халық қалаулысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам белсенділері кәмелетке толмаған жеткіншектер дүкеннен емін-еркін вейп сатып алып, қысылмай шегіп жүргенін айтып, дабыл қаққан еді.

Белсенділердің сөзінше, дамыған кейбір елдерде вейп саудасына заң жүзінде түбегейлі тыйым салынып, оған бағынбағандар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Өйткені оның қатерлі ісік тудыратыны дәлелденген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973205-qazaqstanda-elektrondy-temeki-satuga-zane-paidalanuga-tyiym-salynu-mumkin/

pixel