jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов Алматыдан Сеулге ұшып бара жатқан жолаушыны құтқарды

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелдік іссапарға бара жатқан мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов ұшақ жолаушысына алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Парламент мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуов 30 сәуірде әуе жолаушысының өмірін сақтап қалғаны үшін Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық алды.

"Air Astana әуе компаниясының басшылығы 2022 жылдың 30 сәуірінде Алматы – Сеул бағыты бойынша бара жатқан жолаушыға дер кезінде көмек көрсеткеніңіз үшін сізге алғыс білдіреді. Сіздің кәсібилігіңіз, жауаптылығыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз адам өмірін сақтап қалды", – делінген алғыс хат мәтінінде.

Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, жағдай ұшақ бортында болған. Жолаушылардың бірінің қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Сол кезде жолсеріктер жолаушыларға "салонда медициналық қызметкер бар ма?" деген сұрақ қояды.

Көмекке бірден ер адам келеді. Кейін оның мамандығы бойынша дәрігер, мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов екені белгілі болған. Депутат шетелдік іссапарға кетіп бара жатқан. Қиын әрі шектеулі жағдайларға қарамастан, депутат жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсете алған.

Елеуовтің сөзінше, адам есінен танып, клинкалық өлім жағдайында жатқан. Оның қысымы мен пульсі төмендегенітіктен, реанимациялық шаралар жүргізуге тура келген.

Осылайша, мәжілісмен жолаушының жүрек жұмысын қалыпқа келтіріп, жағдайын жақсартып, ұшақты шұғыл тоқтату қажет болмаған.

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов Алматыдан Сеулге ұшып бара жатқан жолаушыны құтқарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.