jitsu gif

Қазақстанда самокаттардың жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін шектеу жоспарлануда

Самокат
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану бойынша стандарт жобасы әзірленді. Енді бұл көлік құралы үшін ең жоғары жылдамдық сағатына 25 шақырымға дейін болуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында жобаны талқылау барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл стандарттарды әзірлеудің негізгі себебі- жіктеу. ІІМ әзірлеу жұмыстарын үкімет тапсырмасы бойынша жүргізді. Осы стандарт аясында біз самокаттың максималды жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін қамтамасыз еттік (...)

Сонымен қатар техникалық жағынан талап енгізілмек. Ол - шағылысатын таңбалау, самокаттың өзін таңбалау. Сондай-ақ оның жарықтары болуы керек, яғни самокат жүрген кезде көрінуі қажет. Сондай-ақ самокат жаяу жүргіншілер жолында жүргенде алдын ала сигнал беруге тиіс", - деді дөңгелекті және ауыл шаруашылығы көліктерін стандарттау жөніндегі №87 техкомитетінің басшысы Ербол Сейпілов.

Оның сөзінше, электросамокат - сипаттамасы бойынша велосипедке жақын. Оны жалпы қолданыстағы жолдарда қолдануға болады, бірақ қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтау керек.

"Ол тротуармен жүре алады, дегенмен ол қозғалыс жылдамдығын шектеуі немесе қауіп төнбеуі үшін адамдардың алдында тоқтауы керек", - деді Сейпілов.

Оның айтуынша, самокаттар үшін стандарт оны жол қозғалысы ережелері аясында пайдалануды реттеуге көмектеседі. Стандартты енгізудің болжамды мерзімі - 2022 жылғы қыркүйек.

ІІМ полиция әкімшілігі комитеті самокатпен жүру құқығын енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Электр самокаттарын 14 жастан бастап басқаруға болады.

Қазақстанда самокаттардың жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін шектеу жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.