Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудың шалғай ауылынан шыққан 9 жасар қыз "Әлем топ моделі-2022" атанды

Опубликовано:

Мәриям Ишангалиева
Мәриям Ишангалиева. Фото: Жеке мұрағат

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тумасы 9 жасар Мәриям Ишангалиева "Әлем моделі-2022" конкурсында бірінші орынды жеңіп алды. Былтыр ол дәл осы сайыстың бас жүлдесіне ие болған. Қазылар алқасын тәнті еткен Мәриямның анасы Арайлым Қарабалаева KAZ.NUR.KZ тілішісіне сұхбат берді.

Ресейдің Сочи қаласында өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 3-16 жас аралығындағы 100-ден астам ару қатысқан. Қазақстанның намысын атыраулық Мәриям Ишангалиева қорғады.

Мәриям Ишангалиева
Мәриям Ишангалиева. Фото: Жеке мұрағат

Мәриямның анасының айтуынша, ол қазылар алқасын ауылдағы жақын әпкесі тігіп берген қазақтың ұлттық киімімен таңқалдырған. Сондай-ақ мамандар Мәриямның сыртқы келбетіне жоғары баға берген.

"Қызым бастапқыда қобалжыды. Өйткені жарысқа қатысушылар былтырғыдан да көп келген. Барлығы да мықты. Дегенмен кәсіби фотографтар Мәриямның өзіне деген сенміділігі артқанын, онымен жұмыс жасаудың оңай болғанын айтты. Ұйымдастырушылардың да Мәриямға көңілі толды", - дейді анасы Арайлым Қарабалаева.

Мәриям Ишангалиева
Мәриям Ишангалиева. Фото: Жеке мұрағат

Байқаудың бірінші орнын иеленген Мәриямға "Әлем топ моделі-2022" титулы да бұйырды. Одан бөлек, ол тамызда Мәскеу қаласында өтетін "Красавица земного шара-2022" сайысына жолдама жеңіп алған.

Мәриям Ишангалиева
Фото: Жеке мұрағат

Мәриям Ишангалиева Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылындағы С. Мұқанов атындағы мектептің үшінші сыныбын бітірген. Кішкентайынан бимен айналысады, жарнамалық роликтерге түседі, сондай-ақ оқу озаты.

Былтыр Сочиде өткен "Әлем моделі-2021" атағының иегері. Атыраулық кішкентай ару күзде Түркия және Дубайда өтетін сән аптасына да шақырту алған.

Мәриям Ишангалиева
Мәриям Ишангалиева. Фото: Жеке мұрағат

Ділназ Бирманова,

Атырау облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974075-atyraudyn-salgai-auylynan-syqqan-9-zasar-qyz-alem-top-modeli-2022-atandy-foto/

pixel