Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мемлекетке қарызы бар жүргізушілердің көлігі жаппай тәркілене бастады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының жүргізушілері мемлекетке 5 миллиард теңге қарыз. Салықшылар мен сот орындаушылар берешегі бар азаматтардың көлігін жаппай тәркілей бастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, салықты өтеуден жалтарып жүргендердің тең жартысы қозғалтқыш көлемі жоғары қымбат көлік мініп жүрген тұрғындар екен. Кейбіреулерінің берешегі, тіпті миллион теңгеден асқан.

Жалпы, автокөлікке салықты әр жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет. Алматы қаласы бойынша 600 мың көлік есепте тұрса, оның 60 мыңының салығы уақытылы төленбеген.

Ең қызығы, қарыздан қашып жүргендердің жартысы Bently, Mercedes сынды элиталы маркалы көлік мініп жүрген кәсіпкерлер.

Мамандар 17 маусымнан бастап "Сергек" камералары арқылы салықтан жалтарып жүргендерді жаппай ұстап жатыр.

"Азаматтардың барлығына біз салық хабарламаларын жолдадық. Салықты уақытылы төлеу жөнінде. Алайда олар салық органдарының талабын орындамады. "Қарызсыз қала" атты акция басталды бүгіннен бастап. Бұл акция бір ай өтеді. Осы акцияда рейд өткізіп, борышкерлердің автокөліктері айып тұрақтарына қойылады", - деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974653-almatyda-memleketke-qaryzy-bar-zurgizusilerdin-koligi-zappai-tarkilene-bastady/

pixel