jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында төрт айлық баласымен жоғалған келіншек Шымкенттен табылды

Ана мен бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында төрт айлық баласымен бірге үйінен шығып кеткен келіншек араға сегіз күн салып, Шымкенттен табылды. Келіннің үйінен кетіп қалуына енесімен арадағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балалы келіншек Шымкенттегі дағдарыс орталығынан табылды. Ол үйінен 10 маусым күні шығып кеткен. Ал 14 маусымда келіннің енесі полицияға хабарласып, көмек сұрайды.

Төрт айлық баласымен бірге жоғалып кеткен келіншекті іздеуге полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Ең алдымен келіншек баруы мүмкін жерлер тексеріліп, кейін барлық танысынан жауап алынды.

Сондай-ақ келіншектің жоғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желіні де шарлап кеткен. Полицейлер келіншекті араға сегіз күн салып, Шымкенттегі дағдарыс орталығынан тапты. Кейін белгілі болғандай, ол енесімен ұрысқан соң, үйінен кетіп қалған, деп жазады басылым.

Қазіргі таңда әйелдің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол үйіне қайта оралды.

Айта кетелік, келіншектің жоғалғаны туралы ақпаратты танымал журналист Гүлмира Әбіқай да жариялады. Журналиске жоғалған әйелдің құдашасы хабарлама қалдырып, 24 жастағы келіннің жеті жылдан бері отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеген.

Түркістан облысында төрт айлық баласымен жоғалған келіншек Шымкенттен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.