"Тез арада сахнаға шығару керек": Орамал таққан келіншектің дауысына жұрт таңдай қақты

Опубликовано:

әнші
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде ел алдында танымал канадалық әнші Селин Дионның күрделі әнін жоғарғы деңгейде орындаған келіншектің видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz парақшасында жарияланды.

Кадрдан орамал таққан келіншектің жұрт алдында "Титаник" фильмі арқылы танымал болған Селин Дионның My Heart Will Go On туындысын орындағанын аңғаруға болады.

Сонымен қатар видеода әйелдің өнеріне көпшіліктің тәнті болып, қол шапалақтап құрмет көрсетіп жатқаны байқалады.

"Талантты екен", "Дауысы өте әдемі", "Керемет, сөз жоқ", "Жарайсыз", "Қазақстанда таныла алмай жүрген таланттар жетеді. Соның қатарына осы ханымды жатқызуға болады", "Бұл келіншекті тез арада сахнаға шығару керек", "Күйеуі қайтадан ғашық болған шығар", "Титаник" фильмі көз алдыма елестеді", - деп жазуда олар.

Пікір білдіргендердің арасында "жанды дауыста орындады ма?", "өзі айтып тұр ма?", "панограмма емес пе?", "Селин Дионның дауысы секілді" деп күмәнмен қарағандар да табылды.

Кейінірек желіде келіншектің тағы да бір әнді орындаған сәтінен видео пайда болды.

Ол жерде әйел Виктор Цойдың "Кукушка" туындысын орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974802-tez-arada-saxnaga-sygaru-kerek-oramal-taqqan-kelinsektin-dauysyna-zurt-tandai-qaqty/

jitsu gif