Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат сауда желілерін несиелендірудің орнына 100 млрд теңгені қазақстандықтарға бөліп беруді ұсынды

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Депутат Аманжан Жамалов парламент палаталарының бірлескен отырысында министрлер кабинетінің азық-түлік бағасын ұстап тұру, атап айтқанда, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру шараларын сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжілісмен инфляция туралы айта келе, елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың атаулы шаралары қажет екенін атап өтті.

"Үкімет бағаның өсуін тежеу үшін айналым схемасы деп аталатын схеманы қолданады, басқаша айтқанда, бөлшек сауда желілеріне жеңілдетілген несие беру. Оған 81 млрд теңге жұмсалды. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға тағы 16,8 млрд теңге жұмсалды. Шамамен 100 млрд теңге. Ал нәтиже жоқ. Баға көтерілді.

Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа таратқан дұрыс. Бізде халықтың 1 млн-ға жуығының тұрмысы төмен, олар бағаның өсуінен көп зардап шегеді", - деп атап өтті мәжілісмен.

Жамалов егер үкімет бағаның өсуін тоқтата алмаса, онда халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына атаулы субсидиялар арқылы тікелей қолдау көрсету керек екенін айтты.

Депутаттың пікірінше, мұндай шаралардан сауда желілеріне ақша бөлуден гөрі көп пайда болады.

"Инфляция іс жүзінде ұлттық кемшілік кешеніне айналды. Кез келген уақытта экономикалық инфляция саяси инфляцияға айналуы мүмкін. Ал бағаның бақылаусыз өсуі және халықтың сенімін жоғалту неге әкелуі мүмкін екенін біз осы жылдың қаңтар айында көрдік", - деп еске салды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974862-deputat-sauda-zelilerin-nesielendirudin-ornyna-100-mlrd-tengeni-qazaqstandyqtarga-bolip-berudi-usyndy/