Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі өзінің отставкаға кетуін талап ететін петицияға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ғали Есқалиев
Фото: ult.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ОКҚ өткен брифингте өзінің отставкаға кетуін талап ететін петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ қызметкерлері аймақ тұрғындары БҚО әкімінің отставкаға кетуін талап ететін петицияға қол жинап жатқанын атап өтті. Олар Ғали Есқалиев бұған қалай қарайтынын және қызметінен кетуге дайын ба екенін сұрады.

"Барлық пікірді құптаймын. Сонымен қатар бізде басқа пікірлер де бар. Осы петиция шыққаннан кейін мен айына бір рет кәсіпкерлерімізбен іскерлік кездесулер өткізіп жүрмін.

Шынымды айтсам, бизнес-құрылымдардың көптеген басшысы бұл петиция жайлы естемігенін айтып, іздей бастады. Жұмыс істейтін адамдар петиция жайлы білмейді. Олар қолдау білдіретін петиция әзірлейік деді. Мен мұндай нәрсені бастап, жазып, талқыға салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Егер жақсы, дұрыс сын болса, мен оны әрдайым қабылдап, қорытынды жасаймын", - деп жауап берді БҚО басшысы.

Ол петиция халықтың пікірін білдірудің бір түрі екенін айтты. Егер Батыс Қазақстан облысының тұрғындары осындай құжатты жасаған болса, онда Есқалиев оны әкімдік жұмысында белгілі бір кемшіліктер бар деп қабылдайтынын атап өтті.

"Петиция әкімдердің отставкаға кететін түрі емес шығар. Заңнамалық тұрғыдан белгіленген формалар бар, сол бойынша жұмыс істеу керек. Бұл петиция бойынша, әрине, отставкаға кетуге дайын емеспін", - деп түсіндірді Ғали Есқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974881-bqo-akimi-ozinin-otstavkaga-ketuin-talap-etetin-peticiyaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel