Бас прокуратура: Үтікпен азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды
Опубликовано:

ОКҚ өткен брифингте Бас прокуратура өкілі Алматы облысында қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактісі бойынша қозғалған істер туралы айтты. Өңірде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 20-дан астам адамды үтікпен азаптады деген болжам бар. Басқа полицейлер адам өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бас Прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың сөзінше, елде "тергеудің рұқсат етілмеген әдістері" туралы 8 даулы оқиға тергелуде.
Істер бойынша арнайы және құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікті деп танылды – олардың 9-ы қамауда отыр.
Алматы облысында полицейлер адамдарды үтікпен азаптады деген күдікке ілінді.
"Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалана отырып азаптау туралы іс бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысы бар екені анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деп хабарлады Бас прокуратурада.
Сондай-ақ Алматы облысындағы ҰҚК департаментінің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды.
"Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды деп күдіктелуде", - деді Шалабаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Серік Шалабаев "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға белсенді түрде қатысқанын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974891-bas-prokuratura-utikpen-azaptau-isi-boiynsa-25-adam-zabirlenusi-bolyp-tanyldy/