Нариман Табынбаев Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Нариман Табынбаев Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ақпарат оңтүстік астана әкімдігінің ресми Fасebook парақшасында жарияланды.
"Нариман Табынбаев орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына ауысуына байланысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нариман Табынбаев Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарды.
Қазақпарат дерегінше, ол 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.
1988-1994 жылдары эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухана бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.
1994-1997 жылдары Алматы облысының орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.
1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдары елордадағы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015-2018 жылдары астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.
2018-2020 жылдары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Орталық қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974910-nariman-tabynbaev-almaty-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-bassysy-qyzmetinen-bosatyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.