Тоқаев Катарға қазақстандық өндірушінің аяқ киімін киіп барды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы шетелдік сапарларына қазақстандық өндірушінің аяқ киімін киіп барған. Бұл туралы Shoes Republic брендінің негізін қалаушы Дәурен Раманқұл өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дәурен Раманқұл өзінің парақшасында Тоқаевтың Санкт-Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда түсірілген фотосын жариялады.
"Президент мырза ПХЭФ-та Shoes Republic - Қазақстанда жасалған аяқ киіммен отырды", - деді Раманқұл.
Қоңыр түсті осы аяқ киімді президенттің Катарға жасаған ресми сапарында да киіп жүргенін байқауға болады. Бүгін түнде Қасым-Жомарт Тоқаев Катар астанасы - Дохаға ұшып барып, жергілікті шенеуніктердің бірімен кездесу өткізіп үлгерді.
Осы орайда кәсіпкер мемлекет басшысы үнемі отандық өндірушілердің аяқ киімін таңдайтынын атап өтті.
"Ол үнемі біздің аяқ киімді киеді. Бір ай бұрын президент пен оның күзет қызметі ҰҚШҰ-ға біздің аяқ киімді киіп барды. Айтпақшы, ең қызығы, біз Ақордаға "Қазпоштамен" жібереміз. Қазір сәлемдемені алуға келген курьерлер де таңқалмайтын болды. Президент Kaspi Gold-қа аудармайды, ол салық төленгенін қалайды", - дейді кәсіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974967-toqaev-qatarga-qazaqstandyq-ondirusinin-ayaq-kiimin-kiip-bardy-foto/