Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Масқара": Аймағамбетов мектеп асханаларындағы қымбатшылықты сынға алды

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық жиналысында мектеп асханаларындағы ас мәзірін қайта қарау керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз қазір ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш өсті деп айтып отырмыз. Бірақ одан бөлек қазірдің өзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған асханалардың жұмысын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс болуы керек. Қазір ол бойынша комитет тиісті заңнамалық өзгерістерді дайындады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ас мәзірін жаңадан қарауымыз қажет", - деді ол.

Осы ретте министр мектеп буфеттерінде бағаға қатысты проблемалар бар екенін атап өтті.

"Әр білім бөлімі, әр білім басқармасы бұған жеке назар аудары керек. Елорда мектептерінде бағаның өсуі байқалады. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген ол - масқара.

Осы сияқты басқа өңірлердің асханасындағы баға мәселесін де қараңыздар. Бұл мәселелерді шешу үшін біз тиісті заңнамалық өзгерістерді енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов ата-аналар күнделікті ас мәзірі, мектептегі асхана туралы мәлімет ала алатындай жағдай жасалуы қажет екенін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975014-masqara-aimagambetov-mektep-asxanalaryndagy-qymbatsylyqty-synga-aldy/

pixel