ІІМ жаңа құрылған үш облыстың көліктерге арналған мемлекеттік нөмір кодтарын атады
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі жаңа құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы көліктерге берілетін мемлекеттік нөмір кодтарын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазақстанда көлік құралын тіркеу өңірін сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгілер (қазір – 1-ден 17-ге дейін) қолданылады.
"Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен беріледі.
Осыған байланысты жаңадан құрылған үш облысқа өңірлердің кодтарын цифрлық белгілеуді мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу - 19, Ұлытау - 20", - деп хабарлады ІІМ.
Ведомствода атап өткендей, аталған өңірлердің жүргізушілері көлік құралдарындағы бұрынғы нөмірлерін ауыстырмаса да болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975208-iim-zana-qurylgan-us-oblystagy-kolikterge-arnalgan-memlekettik-nomir-kodtaryn-atady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.