jitsu gif

Дәулет Тұрлыханов Тоқаевқа балуандардың 2024 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындығы жайлы айтты

Тоқаев пен Тұрлыханов
Тоқаев пен Тұрлыханов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа федерацияның бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, дене шынықтыру және спорт саласын өркендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ балуандардың 2024 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар кездесуде жастардың өзекті мәселелері, соның ішінде оларды бұқаралық спорт түрлеріне тарту, өңірлерде спорт инфрақұрылымдарын дамыту жайлы сөз болды.

Осы ретте мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін ілгерілету жұмыстарын күшейту қажет екенін жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.