Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың ісі бойынша сотқа Мамин, Тоғжанов пен екі министр шақырылмақ

Опубликовано:

Сот отырысы
Сот залынан фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Бұл жолы Біртанов бірнеше қазақстандық шенеунікті сотқа куәгер ретінде шақыртуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сот отырысына куәгер ретінде мына тұлғаларды шақыруды сұраймын:

1. Бақтыбек Жұмаділ – Халықаралық қайта құру және даму банкінің конкурстық рәсімдерді өткізу, жеткізушіні таңдау, келісімшарттарға, келісімдерге қол қою, келісімшарттың орындалу мерзімін ұзарту және келісімшарттарды аяқтау мәселелері бойынша жобалар жөніндегі бас маманы;

2. Марсело Бортман – Халықаралық қайта құру және даму банкінің аталған мәселелер бойынша денсаулық сақтау саласындағы жобалар жөніндегі жетекші маманы;

3. Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Платформаны енгізу жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған жол картасын бекіту және осыған қатысты денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басқа да жобаларын жүзеге асыру туралы ДСМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою және оны іске асыру жағдайлары бойынша;

4. Тамара Дүйсенова – бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, 2015 жылы интероперабельділік платформаны әзірлеу бойынша конкурс өткізу, "Эриксон Никола Тесламен" келісімшартқа қол қою, оған өзгерістер енгізу және 2017 жылдың қаңтарына дейін келісімшартты іске асыру жағдайларына байланысты;

5. Ералы Тоғжанов – премьер-министрдің орынбасары. Ол 2021 жылдың қазан айында Хорватия елшілігінің, "Эриксон Никола Тесла" компаниясының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ДСМ өкілдерімен жүргізілген келіссөздер бойынша, келіссөздердің мән-жайына және онда қабылданған шешімдерге түсініктеме беру үшін шақырылады;

6. Асқар Мамин – бұрынғы премьер-министр, менің 2020 жылдың 12 және 13 маусымында Жамбыл облысына қызметтік іссапарыма, оның ішінде санитарлық авиациямен барып, Нұр-Сұлтанға қайтып келуіме бағыт беруіне байланысты", - дейді Елжан Біртанов.

Сот Біртановтың өтінішін қанағаттандыру және аталған адамдарды куә ретінде шақыру туралы шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ісі бойынша басты сот отырысы 26 мамырда басталды.

Осыған дейінгі сот отырыстарында экс-министрдің қорғаушылары екі рет судья Ибрагим Әлкеновті істі қараудан шеттетуді сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975388-birtanovtyn-isi-boiynsa-sotqa-mamin-togzanov-pen-eki-ministr-saqyrylmaq/

pixel