Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Есентай маңында жүрген қошқар исламдық финтех Tayyab-тың жаңа сервисінің жарнамасы болып шықты

Жарияланған күні:

Tayyab
Фото: Tayyab

Сәрсенбі, 22 маусым күні Алматы тұрғындарын Есентай (Әл-Фараби даңғылы) бойымен серуендеп жүрген қошқар таң қалдырған болатын. Алайда, бүгін белгілі болғандай, серуендеп жүрген қошқар исламдық финтех Tayyab-тың жай ғана жарнамалық науқаны.

Исламдық финтех Tayyab сервисінің платформасында мұсылмандардың Құрбан айт мерекесіне орай онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет пайда болды.

Исламдық финтех Tayyab Asyl Et (ҚМДБ сертификаты бар) халал ет өнімдерінің жеткізушісімен бірге құрбан шалуды ыңғайлы және жылдам ету үшін онлайн сервисті іске қосты.

Кез келген адам  өзінің қалауы бойынша құрбандыққа шалынатын қошқарды оңай таңдап, құнын онлайн режимде төлеп, фотоесеп ала алады.

Етті аз қамтылған отбасыларға тарату үшін "Шұғыла" қоғамдық қорының еріктілеріне жібереді. Бұл қызметтердің жалпы есебі тапсырыс берушіге берілетін болады.

Құрбандыққа арналған қойды мына сілтеме бойынша қазір-ақ таңдап, шалуға болады.

Tayyab
Фото: Tayyab

Сонымен қатар, "Шұғыла" қоғамдық қорына өтінім беру арқылы жобаның еріктісі атануға болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт - 9 шілдеге дөп келеді.

Ислам финтехі Tayyab (www.tayyab.kz) - Қазақстан тұрғындарына VISA карталары негізіндегі Шариғат нормаларына сәйкес келетін цифрлық форматта ыңғайлы төлемдер мен ақша аударымдарын ұсынады.

Apple Store немесе Play Market-те Tayyab мобильді қосымшасын орнату арқылы картаны бір минут ішінде шығаруға болады. Сіз бірден Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay әмияндарын пайдаланып, бүкіл әлем бойынша жедел аударымдар мен жанасусыз төлемдер жасай аласыз. Қажет болған жағдайда Visa пластикалық картасына тікелей қолға дейін жеткізуді тапсырыс беруге болады. Ақшаны төрт валютада сақтайды: Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі. Әлемнің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975520-almatydagy-esentai-manynda-zurgen-qosqar-islamdyq-fintex-tayyab-tyn-zana-servisinin-zarnamasy-bolyp-syqty/