Аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовті іздестіру жалғасуда

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов аса ірі сомада пара алды деген күдікке ілінген. Еліміздің Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram каналында Мәсімовке іздеу жарияланғанын тағы да хабарлады.

"Назар аударыңыз, іздеу саламыз. Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелуде. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестірілуде", - делінген хабарламада.

Осы ретте ведомство оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұрайды: call-центр 1424, +7 (7172) 909 260, +7 (727) 278 7300, +7 (707) 978 0808.

"Мәсімовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!", - деп хабарлады агенттіктен.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімовтің қайда екенін хабарлаған адамға сыйақы берілетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975590-asa-iri-molserde-para-aldy-degen-kudikke-ilingen-nurlan-masimovti-izdestiru-zalgasuda/