Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды нақты ажыратады. Мұғалімдерге берілетін төлемдер - жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыреті.

"Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне барлық төлемді оқу-ағарту министрлігі жасамайды. Сондықтан республикалық орталық органның мұғалімдерге тікелей қарызы бар деп айту мүлдем дұрыс емес. Құзіреттіліктің бөлінуін біліп, мұндай сөз қандай мақсатпен айтылатынын білмеймін. Барлығы бұрыннан барлық құжатта бекітілген", - деді ведомство басшысы.

Аймағамбетов ведомство бақылау функцияларын атқаратынын атап өтті. Жағдайды мониторингілеу кезінде министрлік бірқатар өңірде төлемдер кешіктірілгенін анықтады.

"Кешіктіру барлық аймақта болған жоқ. Кейбіреуінде төлемге қатысты проблемалар болды. Егер жағдай барлық жерде болса, онда орталық органның проблемасы деп айтуға болады. Біз жергілікті органдардың сомасын анықтадық. Оларда мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған. Қазір төлемдер жүріп жатыр, кешегі күнге 8 миллиард теңге қалды. Біз жағдайды бақылап отырмыз", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, кеше мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен.

Кейінірек, бұған қатысты Оқу-ағарту вице-министрі пікір білдіріп, еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975594-asxat-aimagambetov-ministrlikti-synagan-deputatqa-zauap-berdi/

pixel