Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Опубликовано:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде 26 маусымға дауылды ескерту жарияланды. Бүгін кей облыста ауа температурасы жоғарыласа, кей өңірде найзағай мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" ресми сайты.

Мәселен, 26 маусым күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Қарағанды қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 26 маусымда Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

26 маусымда Абай облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Бүгін Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Ал Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қаласында 26 маусымда күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

Ал түнде Қостанай облысының батысында, ал күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40-42 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35-37 градус сақталады. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз қатты ыстық 36 градусқа дейін сақталады. Батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында 26 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26-27 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 26-27 маусымда облыстың оңтүстігінде, 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында 27 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. Бұл күндері 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

26-27 маусымда Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Ал Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975695-aldagy-kunderi-qazaqstanda-44-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/

pixel