jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің үш ірі қаласында бүгін ауа райы қандай болады

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 27 маусымда синоптиктердің болжамынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Жаңа апта басында Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, сынап бағанасы 20-22 градус жылыны көрсетеді. Желдің күші 5-10 м/с дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 14 м/с жетуі мүмкін.

Дүйсенбіде Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтеріледі. Самал жел соғып, күші 3-5 м/с жетуі ықтимал.

Мамандардың болжамынша, Шымкент қаласында бүгін аптап ыстық болады. Сынап бағаналары 34-40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Соққан желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram