Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ТЖД аптап ыстыққа байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті оңтүстік астана тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты үндеу жасады. Ведомство өкілдері қалалықтарды күннен қорғану үшін серуендуден аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, қалада осыған дейін дауылдық ескерту жарияланған. Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

Құтқарушылар аптап ыстық адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін деген пікірде. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді.

"Жаяу жүруді шектеңіз, физикалық белсенділікпен айналыспаңыз. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек", - деді ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975743-almaty-tzd-aptap-ystyqqa-bailanysty-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel