Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.

29 маусымда солтүстікте, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейіп, ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін. Ал еліміздің батыс облыстарында жаңбыр тоқтайды деп күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Сол кезде мамандар айдың екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен өткінші жаңбырды ыстық, тұрақты ауа райы алмастырады деп болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975796-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/