Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайда кеткенін ешкім көрмеген": Павлодарда жағажайда демалып жатқан 18 жастағы жігіт жоғалды

Опубликовано:

Жоғалған азамат
Жоғалған азамат. Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарлық полицейлер мен құтқарушылар еріктілермен бірге қаладағы орталық жағажайда демалып жатқан жерінен жоғалып кеткен 18 жасар жігітті іздестіріп жатыр. Жоғалған күні ол досымен бірге болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Досы жоғалған жігіттің қайтып келуін бір сағат күткен. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желіде хабарлады.

"Ол стадион жанындағы орталық жағажайда (жағажай футболы алаңы) басқа бір жігітпен бірге демалып жатқан және судан қайтып оралмаған. Жағажайда адам көп болған, алайда оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", - дейді еріктілер.

Еріктілер таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған жігіттің досы оны жағада бір сағаттай күткен, келмеген соң, досының заттарын қалдырып, кетіп қалған. Жас жігіт досының жоғалғаны туралы ешкімге хабарламаған.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлім еткендей, қазір құтқарушылар жігітті іздеп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Осы ретте Павлодар облыстық ПД 25 маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында жоғалған жас жігіт туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

"Аталмыш факті тіркелді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. 18 жастағы жас жігітті іздеуге Павлодар облысы ПД барлық жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975799-qaida-ketkenin-eskim-kormegen-pavlodarda-zagazaida-demalyp-zatqan-18-zastagy-zigit-zogaldy/

pixel