Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілдеде еліміздің екі облысындағы аудандарда құрғақшылық болуы мүмкін

Опубликовано:

құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында шілдеде Қазақстанның екі облысындағы аудандарда құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мамандардың болжамына сәйкес, шілдеде Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз түседі деп күтілуде.

Ал Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаев қаласында ылғалдық деңгейі орташа болмақ.

Шілде айындағы құрғақшылыққа қатысты болжам айдың бірінші онкүндігінде нақтыланатын болады.

"Болжамдарға қатысты барлық ақпарат тұрақты түрде Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріліп отырады, сондай-ақ www.agrodata.kz. қосымшасында жарияланады", - деп қосты "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін былтыр мал қырылған Маңғыстауда биыл жағдай қалай екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975893-sildede-elimizdin-eki-onirinde-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/

pixel